12:47, 08 Шілде 2010 | GMT +5
ҚР Үкіметі былтырғы жылғы егіннен қалған астықты СҚО элеваторларынан Батыс Қазақстанға тасымалдау үшін қаражат бөледі - К.Мәсімов
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Үкіметі былтырғы жылғы егіннен қалған астықты СҚО элеваторларынан Батыс Қазақстанға тасымалдау үшін қаражат бөледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында өткен брифингіде мәлім етті.

«Солтүстіктегі элеваторларда әлі күнге дейін былтырғы жылғы егіннен қалған астықтың мол мөлшері сақталған. Үкімет резервтан Қазақстанның батысындағы Орал, Ақтөбе аймақтарына осы астықтарды жеткізу үшін қаражат бөлетін болады. Биылғы жылы, өкінішке орай күн ыстық және де егін де аса көп болмайтын сияқты. Біз осындағы элеваторларды жаңа астық қабылдап алу үшін босатамыз», - деді К.Мәсімов.