ҚР Үкіметі мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін субсидиялауға берілетін ағымдағы мақсатты трансферттерді пайдалану ережесін бекітті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет үйі, 2010 жылғы ақпанның 2-сі, № 59
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы шілденің 8-індегі және «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы желотқсанның 7-індегі Заңдарына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов