ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк Қазақстанның одан әрі дамуына қатысты ХВҚ-мен сындарлы сұхбат жүргізеді - К.Мәсімов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк Қазақстанның одан әрі дамуына қатысты Халықаралық валюта қорымен сындарлы сұхбат жүргізеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен Халықаралық валюта қоры өңірлік конференциясының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
None
None

«Халықаралық валюта қоры мен ҚР Үкіметі және Ұлттық банкі арасында елдің одан әрі дамуына қатысты барынша сындарлы сұхбат жүргізілуде. Өздеріңіз де білетіндей, Қазақстанда экономикалық және ақша-несие саясатын жаңғырту бағдарламасы аясында қазіргі уақытта ел ішінде белсенді пікірталас жүргізілуде. Оның ішінде жаңа Салық кодексі әзірлену үстінде, ол Кеден кодексімен біріктірілетін шығар, бастапқыда біз осы жылы нақты шешімдермен шығуды жоспарлаған едік. Қазір біз нақты шешім қабылдау үшін шамамен тағы бір жыл қажет деп шештік. Бұған қоса, Бюджет кодексін жаңғырту, шығыстарды шоғырландыру мүмкіндігі бойынша да пікірталас жүргізіліп жатыр», - деді ол.

К.Мәсімовтің атап өтуінше, нақты шешім қабылдау үшін ХВҚ-мен және басқа да халықаралық қаржы институттарымен консультациялар жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар