ҚР Үкіметі мұнайдың бағасы барреліне 30 доллар болған жағдайда экономиканы дамыту мәселесін қарастырды
«Біз бюджетті 2016 жылға барреліне 40 доллар есебінен жоспарлағанымызға назар аударғым келеді. Бүгінде барреліне осы 40 долларды құрап отыр. Кезінде Мемлекет басшысы бізге түрлі сценарилерді қарастыруға тапсырма берген болатын, оның ішінде 30 доллар және 20 доллар құнын ескеру қамтылған еді. Бүгін таңертең бізде бюджеттік комиссияның отырысы өтіп, онда егер де Brent маркалы мұнай барреліне басқа баға категориясына кеткен кезде, яғни берреліне 30 доллар болса, біздің макроэкономикалық ахуалдың жоспарын өзектендіру шешімін қабылдадық», - деді Үкімет басшысы. Осы орайда валюта нарығында, ресейлік нарықтағы реакция қалай болатындығы, жалпы макроэкономикалық жағдайдың қалыптасуы ескерілмек. «Сондықтан да Қаржы министрлігіне, Ұлттық банкпен бірлесе Ұлттық экономика министрлігіне мұнайдың бағасы ары қарай төмендеуі жағдайына жоспар даярлау тапсырмасы берілген болатын», - деді К.Мәсімов.