ҚР Үкіметі жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережелеріне өзгерістер енгізді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №589
2012 жылғы 8 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
«Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 305-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.МӘСIМОВ.
Жергілікті бюджеттерді өңдеу жобаларының ережелері республикалық БАҚ-да жарияланған.