ҚР Үкіметінің «Шекті тарифтерді бекіту туралы» қаулысына өзгертулер енгізілді

арат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №1628 қаулысымен «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 қаулысына өзгерістер енгізілді.
None
None

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 29 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі №1628

«Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж. №17, 142 құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген шекті тарифтерде:

«11-топ» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

Тобы Жылдар бойынша шекті тарифтер

2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015

11-топ 7,23 7,23 7,23 9,54 10,34 10,96 11,62».

2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Соңғы жаңалықтар