ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясы аумағында жаңа оқу кешені ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясы аумағында таяу уақытта кезекті жаңа оқу кешенінің құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін осы әскери жоғары орнының аумағындағы жаңа автокөлік өткізу пунктінің ашылу рәсімі барысында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, бұл жаңа ірі оқу кешенінің жобасы да АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Экспорттық бақылау және шекаралар қауіпсіздігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

«Бұл ірі көлемдегі сабақтас оқу орталығы болып саналады. Мұнда көп бағыттар қамтылады. Курсанттар темір жол вагондары, ұшақтар тіпті кемелерде тексеру жүргізуге машықтанатын болады. Осы үшін тіпті Академия аумағында кішігірім су айдыны жасалауы мүмкін. Сондықтан, қазір осы бағытта өзара келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деді Джордж Крол. 

Соңғы жаңалықтар