ҚР ҰҚК Төрағасы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі - Қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесті

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат. Бүгін, 29 сәуірде Астанада Қазақстан ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаевтың ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі - Қоғамдық қауіпсіздік министрі Мэн Цзяньчжумен кездесуі болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің маңызды проблемалары бойынша пікір алмасты.

Келіссөздер барысында делегация басшылары екі жақты ынтымақтастықты дамытудың бірқатар нақты мәселелерін талқылады. Атап айтсақ, мемлекеттік шекараны күзету, терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет ету, есірткінің заңыз халықаралық айналымы және заңсыз миграция саласындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті сипаттары қозғалды.

Тараптар, сондай-ақ, екі ел қауіпсіздік органдары мен құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын өңірлік қауіпсіздік мүддесінде одан әрі нығайту Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылатындығына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар