18:20, 10 Тамыз 2010 | GMT +5
ҚР ҰҚК төрағасы мен ГФР Федеральдық криминалдық полиция ведомствосының президенті заманауи қауіп-қатерлерге қарсы тұруда ынтымақтастық перспективаларын талқылады
АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов біздің елімізде жұмыс сапарымен жүрген Германия Федеративтік Республикасының Федералдық криминальдық полиция ведомствосының президенті Йорг Циркемен кездесті.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлауынша, ҚР ҰҚК-інде өткен келіссөздер кезінде халықаралық лаңкестікпен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмыспен күрестің өзекті мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары талқыланды, заманауи қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы өзара іс-қимылды нығайтудың нақты шаралары белгіленді.
Сондай-ақ ГФР Федералдық криминалдық полиция ведомствосы делегациясының Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының және Орталықазиялық аймақтық есірткі заттарының, еліткіш заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі ақпараттық үйлестіру орталығының басшыларымен кездесулері жоспарланған.
Делегация сапары тамыздың 12-сінде аяқталмақ.