ҚР Ұлттық банк төрағасы Г.Марченко Президентті банк жұмысының қорытындыларынан хабардар етті

СТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында Г.Марченко Президентті банк жұмысының қорытындыларынан хабардар етті.

- Жалпы алғанда, бүгінде жағдай жағымды. Инфляция деңгейі едәуір төмен, теңге бағамы тұрақты. Тіпті, біз тамызда ұлттық валюта құнының жедел өсуінің алдын алу үшін ішкі рынокта валюта сатып алуға мәжбүр болдық. Төлем балансы бойынша ағымдағы есептеудің оң сальдосы қалыптасты, яғни тауарлар мен қызметтердің экспорты импортқа қарағанда жоғары. Қаржы рыногындағы жағдай тұрақты. Бір ғана мәселе банктердің экономикаға несие беруді ұлғайтуына байланысты болып отыр. Сондықтан Үкімет тарапынан тиісті екі бағдарлама әзірленді. Бұл биылғы күзде тиімділігін көрсетіп, банктердің нақты секторға несие беру көлемі артады деп сенеміз, - деді Г.Марченко журналистерге арналған брифингте.

Соңғы жаңалықтар