ҚР Ұлттық банк төрағасы Г.Марченко Вашингтонда ХВҚ және Дүниежүзілік банк тобының көктемгі кездесулеріне қатысты
Осы кездесулер шеңберінде ҚР ҰБ басшысы ХВҚ Халықаралық валюта және қаржы комитетінің отырысына қатысты. Отырыста әлемдік экономиканы және қаржы нарығын дамытудың келешегі, ХВҚ қорларының тапшылығы мәселелері және оның мүше-мемлекеттермен ынтымақтастығы талқыланды. Жыл сайынғы көктемгі кездесулер ХВҚ және Дүниежүзілік банк тобына мүше-мемлекеттерінің Үкімет, орталық банктер, қаржы, экономика және сыртқы істер министрліктерінің басшылары және қаржы ұйымдарының басқа да өкілдерінің, әлемдік БАҚ, ғылыми-зерттеу ұйымдары және халықаралық қаржы ұйымдарының басын қосады.
Г. Марченко, сондай-ақ, ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Роберт Хорматспен, ХВҚ, Дүниежүзілік банк және басқа да ұйымдар өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
ХВҚ және Дүниежүзілік банк тобының келесі кездесулері ағымдағы жылғы 11-13 қазанда Вашингтонда өткізіледі.