20:47, 07 Желтоқсан 2015 | GMT +5
ҚР Ұлттық Банкі төрағасының қос бірдей орынбасары тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының қос бірдей орынбасары тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне; Ғалымжан Олжайұлы Пирматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.