ҚР Ұлттық банкінде Қаржылық қадағалау және Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қызметі жөніндегі комитеттер құрылды
«Бүгін ҚР Ұлттық банкінің Қаржылық қадағалау комитеті мен Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қызметі жөніндегі комитеті төрағасы міндетін атқарушыларды ұжымға таныстырдым. Олар - бұған дейін ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары болған Қуат Қожахметов пен Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы төрағасының орынбасары болған Дархан Нұрпейісов», - деді Григорий Марченко. Оның айтуынша, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінң төрайымы Елена Бахмутова «Қазына-Самұрық» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жаңадан құрылатын Басқарушы компанияға жетекшілік жасайтын болады. Ал Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының төрағасы Әркен Арыстанов «Қазпошта» АҚ-ға ауыспақ.