ҚР Ұлттық музейі мен Эрмитаждың тәжірибе алмасуы екі ел халқының мұраларын сақтауға үлес қосады - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев РФ Мемлекеттік Эрмитажының Бас директоры Михаил Пиотровскиймен кездесті.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Елбасы кездесу барысында М.Пиотровскийге Астанаға сапарлап келгені үшін алғыс айтты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Ресей Федерациясының Мемлекеттік Эрмитажы арасында ынтымақтастық орнатудың маңызды екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев музейлердің тәжірибе алмасуы және жұмыс бабындағы тұрақты байланыстары Қазақстан мен Ресей халықтарының бай мәдени және тарихи мұраларын сақтау ісіне қомақты үлес қосуға мүмкіндік беретініне назар аударды.

М.Пиотровский өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 1-2 желтоқсанда өтіп жатқан «Эрмитаж күндері» туралы әңгімеледі, сонымен қатар Мемлекет басшысына екі елдің мәдениетаралық ықпалдастығын дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар