ҚР вице-премьері Қ. Келімбетов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады

ҚАРАҒАНДЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов келеді деп күтілуде.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапар бағдарламасында өңірдегі бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарда болу қарастырылған. Вице-премьер сондай-ақ, Қарағандыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығын құру бойынша жобаның жүзеге асырылу барысымен танысады.

Қ.Келімбетовтың қатысуымен ҚР Президенті «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жүктеген міндеттерді іске асыру бойынша облыс активінің кеңесі өтеді.

Соңғы жаңалықтар