ҚР вице-премьері Павлодардағы жаңа әлеуметтік нысандарда болды

ПАВЛОДАР. 25 қазан. ҚазАқпарат - ҚР вице-премьері  Қырымбек Көшербаев бүгін Павлодардағы жүрек-қан тамырлары жаңа аймақтық орталығында болды.
None
None

Ол 50 орынға есептелген, заманауи аппаратурамен жабдықталды. Мұнда аймақта алғаш рет жүрек ауруларына шалдыққан балаларға ота жасалады. Медициналық мекеме Шығыс Қазақстан облысынан да науқастарды қабылдайтын болады.

Премьер-министрлің орынбасары химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысында болды. Мұнда іріктеу кезеңінен өткен 700-ге жуық бала білім алады.

Қ.Көшербаев құрылысы «Алюминстрой» шағынауданындағы екі қабатты ескі үйлердің орнында жоспарланып отырған «Сарыарқа» шағынауданының тұсаукесерінде болған кезінде Павлодар әкімі Оразгелді Қайыргелдинов «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады. Биыл 127 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қ.Көшербаев Павлодар мұнай-химия зауытының өз жұмыскерлері үшін салып жатқан тұрғын үйді де аралады.

«ҚазТрастКем» ЖШС-нің зауытында қонақтарға агрохимиялық өнімнің өндірісін көрсетті. Мұнда баянауылдық «Алтайхимпромның» лицензиясы бойынша тәулігіне 40 тоннаға дейін гербицидтер мен пестицидтердің өндірілуі ретке келтірілді.

Вице-премьер тұтынушылардың ғаламтор ресурстарына тәулік бойы қолжетімділігін ұсынатын «Қазақтелеком» АҚ-ның мәліметтерді өңдеу павлодарлық орталығына барды. Оны Қазақстан мен Ресейдің жақын аймақтарының тұрғындары қолдана алады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР вице-премьері Қырымбек Көшербаев Павлодар облысында жұмыс сапарында жүр.

Соңғы жаңалықтар