15:14, 17 Қазан 2012 | GMT +5
ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қ.Отаров БҚО-ға келді
ОРАЛ. 17 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш агенттік төрағасы бастаған республикалық ақпараттық-насихат тобы сапарының мақсаты - Елбасы Жолдауын еңбек ұжымдарына, тұрғындарға жеткізу.
Қ.Отаров бүгін-ертең Орал қаласындағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында болмақ. Атап айтқанда, ол облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен бірге бүгін «Оралагрореммаш» АҚ, «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ-да болмақ. Сондай-ақ ертең «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы», «Жайықжылуқуат» АҚ, «Кублей» ЖШС, «Зенит» зауытына ат басын тіремек.