«КТК 78» мұнай құбырынан 30 тонна мұнай ұрланды

АҚТӨБЕ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Ақтөбе облысы Темір ауданында сәуірдің 6-сында «КТК 78» мұнай құбырының 64-ші шақырымында құбырдың заңсыз кесілгені ашылды.
None
None
Күдіктілер ретінде полицейлер Өзбекстан азаматы бастаған бес адамнан тұратын топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мұнай құбырын кесіп алу үшін өзбекстандық азамат сәуірдің 2-сінде Темір ауданы Кеңқияқ кентінің төрт тұрғынын жалдайды. 4 күн ішінде күдікті адам мұнай құбырынан 30 тонна шикі мұнайды шығарып алады.Ұсталғандардың әрқайсысынан тұрғылықты жерлерінен кесу және мұнайды шығарып алу жабдықтары табылды. Сонымен қатар, 25 жасар жігіттен полицейлер АК-74 автоматын және аңшы мылтығының патрондарын тапты. Атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.Жоғарыда көрсетілген факті бойынша тергеу жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар
Референдум