ҚТЖ басшысы ҚР Премьер-Министрін жүрдек жолаушылар пойыздарының бағыттарын дамыту бағдарламасынан хабардар етті
елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте «Тұлпар-Тальго» зауытын аралап көрді. Онда «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті Асқар Мамин Қазақстандағы жүрдек жолаушылар пойыздарының бағыттарын дамытуға байланысты бағдарламаның барысымен таныстырды.
«Тұлпар-тальго» жолаушылар вагонын жасау зауыты елімізде 2011 жылғы желтоқсаннан бастап жұмыс жасайды. Ол «Астана - жаңа қала» АЭА Индустриялды паркінің аумағында орналасқан. Жобаның құны 8,775 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 150 вагон.
А. Маминнің айтуынша, 2014 жылға қарай еліміздің барлық бағыттарында отандық 420 жолаушылар вагондары жүретін болады. «Тальго» вагондарында орталықтандырылған энергиямен қамтамасыз ету жүйесі, мүгедек жандарға арналған орындар және тағы басқалары бар.
2012 жылдың соңына дейін Астана мен Ақтөбе арасын жалғайтын вагондар толығымен «Тальго» болады деп жоспарлануда. Бұл аралыққа 30-ға жуық жаңа отандық вагон шығатын болады. Ал 2015 жылға дейін жүрдек вагондармен республиканың барлық ірі қалаларының арасы қосылады.