ҚТЖ мен Бүкілресейлік Теміржол көлігі ҒЗИ өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Бүкілресейлік теміржол көлігі ғылыми-зерттеу институтымен өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды,
None
None

деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Мамин «Бүкілресейлік темір жол ғылыми зерттеу институты» ААҚ-ның бас директоры Борис Лапидуспен кездесу өткізді. Кездесу аясында екі тарап өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды», - делінген таратылған ақпаратта.

Тараптар жоғары жылдамдықты қозғалыс саласында бірлескен зерттеу жүргізуге, қайта жаңғырту мен жаңа технологиялар және инновациялық технологиялар саласында ынтымақтастық орнатуға, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ғылыми-техникалық кадрларын аталмыш институт аясында оқытуға уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум