Куала-Лумпурда қазақстандық-малайзиялық сауда-экономикалық байланыстарды бекіту және дамыту мәселелері талқыланды
деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Тараптар екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың әр елге де тиімді екендігін атап өтті.
Елші Н.Нординді үстіміздегі жылы қабылданған 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасымен таныстырып, Қазақстан, Ресей мен Беларус арасындағы Кеден одағының құрылғаны туралы мағлұмат беріп, Малайзия тауарларын ТМД, Еуропа және өзге де мемлекеттерге шығарудың транзитті-көліктік әлеуетінің мүмкіндіктерін де атап өтті.
MATRADE басшысы, өз кезегінде, малайзиялық инвесторлар тарапынан Қазақстанға деген қызығушылықтың артып отырғанын айтты. Осы орайда ол, Қазақстанда корпорацияның Орталық Азия бойынша аймақтық өкілдігін ашуды жоспарлап отырғанын да айта кетті.