Қуатты дамыған мемлекет пен кедей елдің арасында тұрған сызық - ғылым мен технология - Н. Назарбаев

«Жеріміз ауқымды әрі мүмкіндігіміз мол. Бірақ халқымыздың саны аз болғанымен қуатты дамыған мемлекет болғымыз келетіндігі шындық қой. Қуатты дамыған мемлекет пен кедей мемлекеттің арасында тұрған сызық - бұл ғылым мен технология», - деді Елбасы.
Сондай-ақ, өз сөзінде ғылым мен технологияны игерсек, дамыған мемлекеттердің қатарына қосылатындығымызды, ал игермесек қарыштап дамыған елдердің шаңын қауып қалатындығымызды баса айтқан Н. Назарбаев: «Міне сондықтан да мемлекет ғылым мен білімге зор көңіл бөледі»,-деді.
Президенттің айтуынша, бұған дейін Назарбаев Университетін құруға мемлекеттің еш мүмкіншілігі болған жоқ. Сондықтанда «Болашақ» бағдарламасы арқылы жастарды шет елдерге білім алуға жіберді. «Болашақтықтар оралды. Олардың 1 мыңы қазіргі күні жұмыс істеуде. Тағы 4 мыңы оқуларын жалғастыруда»,-деп атап өткен Елбасының сөзіне қарағанда, ендігі уақытта жастар бакалавриат бағдарламасы бойынша тек елімізде ғана білім алады. Ал PhD немесе магистратура бағдарламалары бойынша шетелден білім алуға жіберіледі.