Құқық қорғау қызметтеріне қатысты заң жобаларын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша шығындарды қажет етеді - Әділет министрі

АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Құқық қорғау қызметтері туралы» және «Құқық қорғау қызметтері мәселері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заң жобаларын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша шығындарды қажет етеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру бойынша Үкіметте өткен кеңесте Әділет министрі Рашид Түсіпбеков айтты.
None
None

«Мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының алдын ала болжамды есептеріне қарағанда, олардың қызметкерлерінің зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейлерін теңестіру қосымша қаржы шығынын қажет етеді. Атап айтқанда, 2012 жылы 4 млрд 87 миллион, 2013 жылы 3 млрд 805 миллион, ал 2014 жылы 3 млрд 794 миллион теңге қаржы қажет. Сонымен қатар қосымша мақсаттарға 6 миллиард теңге керек», деді ол.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Әділет министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп әрі Президент Жарлығының ережесін есепке ала отырып, қысқа мерзімде заң жобаларын тиянақтауға тапсырма берді. «Олардың республикалық бюджеттік комиссияның және Үкіметтің қарауына енгізілуін қамтамасыз етіңдер», деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар