17:09, 05 Мамыр 2010 | GMT +5
Құқық қорғау органдары іздеу салған ресейлік азамат қолға түсті - Көкшетау
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің деректеріне сәйкес, Көкшетау қаласындағы «Сұңқар» мөлтек ауданында жасаған қылмыстық әрекеті үшін іздеуде жүрген 1989 жылы туған Ресей азаматы ұсталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2010 жылдың наурыз айында Ресейдің Омбы облысы ішкі істер қызметкерлері өңірлік әріптестерімен бірлесіп жұмыс жасауға, қылмысты ашуда қолқабыс көрсетуге уағдаласқан болатын. Ақмолалық тәртіп сақшылары қолға түскен күдіктіге тексеріс жүргізу барысында оған Омбы облысына қарасты Любимов аудандық ішкі істер бөлімі іздеу жариялағанын анықтаған. 2008 жылы жасаған қылмысына орай күдікті РФ ҚК-сінің 306-шы бабы, 2-ші тармағы бойынша жауапкершілікке тартылған көрінеді. Қазіргі кезде күдікті уақытша қамау орынында отыр.