Құқық қорғау органдарын өзіне тән емес қызметтерден босату қажет - Н.Назарбаев

«ІІМ-нің медициналық айықтырғыш қызметімен байланысты қызметтері мен құзыреті Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беріледі.
Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы Білім және ғылым министрлігінің қарауына беріледі.
Көлік құралдарын техникалық қарауды жүргізу бәсекелік ортаға беріледі. Оларды бақылау өкілеттігі Көлік және коммуникация министрлігіне беріледі. Ерекше маңызды стратегиялық нысандарды күзетуден басқа күзет қызметі саласындағы ІІМ өкілдігі бәсекелестік ортаға беріледі. Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратра осы органдардың орталық аппаратындағы үш аймақтық көлік құрылымдарын біріктіруі тиіс», - деп атап өте отырып, Елбасы бүгін «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметінің және сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қоятынын атап өтті.
Президент сондай-ақ Үкіметке ІІМ құрылымында көші-қон полициясы комитетін құруға тапсырма берді. ІІМ Есірткімен күрес комитетін есірткімен күресті жүзеге асыратын тікелей аймақтық бөлімшелерге беру қажет. ІІМ әкімшілік тұтқынқауды атқару қызметін бірте-бірте Әділет министрлігіне беру шараларын қабылдауы тиіс.
«Біз жүйелі қадам жасап, Криминалдық полиция комитеті мен Тергеу комитетін біріктіру жолымен ІІМ-нің тергеу комитетін құруымыз қажет», - деп қосты Президент.
Ол прокурордың рөлі мен жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Жарлықта баламалы тергеуде жүру деп аталатын ұғым барынша азайтылатын болады. ІІМ қарауына трансұлттық есірткі қылмысынан басқа барлық есірткі қылмыстарын тексеру жатады, ал экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күресті қаржы полициясы толық көлемінде тексеретін болады.
Өз кезегінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз қызметін ұлттық қауіпсіздікпен байланысты қылмыстарды тікелей тексеруге шоғырландырады. Жоғарғы сот жанындағы Сот Әкімшілігі комитеті таратылады, оның орнына Жоғарғы сот жанындағы сот қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент құрылады. Соттардың шешімдерін орындау өкілдігі Әділет министрлігінің қарауына беріледі.