Құқық қорғау органдарын реформалау - қоғамды демократияландырудың шешуші кезеңіне айналады - «Әділет» демократиялық партиясының өкілдері

АЛМАТЫ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - «Әділет» демократиялық партиясы өкілдері Елбасының құқық қорғау жүйесін реформалау қажеттігі жөніндегі ұсынысын уақтысында көтерілген өте орынды талап деп санайды. Бұл жайында бүгін өткен баспасөз мәслихатында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әділет» партиясының төрағасы, профессор Мақсұт Нәрікбаев осыған дейін жүргізілген реформалардың тиімділігінің төмен болғанын ескере отырып, осы аса маңызды заңның жобасын қабылдаудың реті мен тәжірибесін түбегейлі өзгерту қажеттігін айтады. «Реформаны талқылауды ашық жүргізіп, оны талқылауға кәсіби мамандармен қатар қарапайым азаматтарды жұмылдыру қажет. Интерактивті талқылауға жол ашу үшін заң жобасын БАҚ-да, ғаламторда жариялау керек. Мысалы, Ресей өздерінің «Полиция туралы» заңын осылай талқылап жатыр», дейді М. Нәрікбаев.

Партия өкілдері құқық қорғау органдары мен сот жүйесін реформалауда Экономикалық қылмыспен және жемқорлықпен күрес агенттігінің құрамында, міндетіне шұғыл іздестіру жүйесі енбейтін, тәуелсіз жеке Тергеу комитетін құру қажет дейді. Сондай-ақ Қаржы министрлігінің жанынан тек салық заңдарының бұзылуын анықтайтын салық полициясын құрып, оларға өздері анықтаған заң бұзушылық істерді сотқа немесе тергеу комитетіне жүктеу қажеттігі мен басқа да заң актілерін ұсынуда.

Партия құқық қорғау органдарын реформалау шараларын жүзеге асыру - қоғамды демократияландырудың шешуші кезеңіне айналады деп санайды.

Соңғы жаңалықтар