17:55, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
Құқық қорғау саласындағы реформа ұлттық кәсіпкерліктің осы салаға сенімін арттыруы тиіс -Үкімет басшысы
АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Құқық қорғау саласындағы реформа ұлттық кәсіпкерліктің осы салаға сенімін арттыруы тиіс. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынатын құқық қорғау органдарындағы реформа ұлттық кәсіпкерліктің осы салаға деген сенімін арттыруы тиіс. Бизнес қауымдастығының, еліміздің іскерлер әлемінің сотқа және құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруы шарт. Сонымен бірге, адал кәсіпкерлер үшін жеке меншік мүлігінің сақталуы және сот төрелігінің тәуелсіздігі үлкен кепіл болуы шарт», деді К. Мәсімов.