«Құқық тәртібі» республикалық операциясына солтүстікқазақстандық 4200 полиция қызметкері жұмылдырылды

ПЕТРОПАВЛ.   Желтоқсанның   25-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ -  Желтоқсанның   22-сінен  бастап  «Құқық  тәртібі»   республикалық операциясы  өтуде. 
None
None

Солтүстік Қазақстан облысында операцияға 4200 полиция  қызметкері атсалысып жатыр.

Облыстық  ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен  хабарлағандай,  операция барысында   ішімдікке жақын,   отбасы-тұрмыс  жағдайында   құқықбұзушылықтарға  жол беретін  азаматтар     үй жайлары  бойынша тексерілуде.  Арнайы операцияның  екі күнінде   облыстың 500  тұрғыны    профилактикалық есепке алынған.

Полиция  қызметкерлері сондай-ақ,   қаруды заңсыз сақтағаны  үшін 145  шетелдікті    әкімшілік  жауапқа тартты,  олардың  төртеуі  сот    шешімімен   ел  аумағынан  шығарылды. 

Ал  жол  полициясы басқармасының   қызметкерлері  рульге мас болып  отырған 12 азаматты   ұстады.   Сондай-ақ,    атыс  қаруын    заңсыз сақтаудың 82  факті  тіркелді.

Оған  қоса,  полицейлер   қайғылы оқиғалардың алдын  алу мақсатында   әкімдік   және төтенше   жағдайлар  департаменті қызметкерлерімен бірлесіп,  пиротехника  заттары  сатылатын    нүктелерді   тексеруде.

Соңғы жаңалықтар