«Құқық тәртібі» шарасы барысында іздестірілуде жүрген ресейлік азамат тұтқындалды - БҚО

ОРАЛ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - БҚО аумағында 25-27 сәуір аралығында жүргізілген «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы барысында 97 қылмыс тіркелді.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, соның 39-ының ізі суымай ашылды, ашылу көрсеткіші 40,2 пайызды құрады. Көше мен қоғамдық орындарда 8 қылмыс орын алса, алтауы лезде ашылды. Бір есірткі қылмысы да әшкереленді.

Сондай-ақ 1367 әкімшілік құқықбұзушылық жария болды. 72 адам ұсақ бұзақылығы үшін ұсталса, қоғамдық орында ішімдік ішкен 336-ның 48-і уақытша бейімдеу орталығына жатқызылды. 23 шетелдік Қазақтанда болу заңдылығын бұзған. 30 адам мас күйінде, 1 адам есірткіге елтіген күйінде автокөлік айдағаны үшін жауапқа тартылды.

Шара барысында адамды күштеп машинаға отырғызып, алып кеткені үшін 1980 жылғы К. және 1975 жылғы А. деген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

26 сәуір күні жалға алған пәтерінде тұрып жатқан, Ингушетия ішкі істер министрлігі Солтүстік Кавказда қарақшылық шабуыл жасағаны, полиция қызметкерін өлтіргені және заңсыз қарумен айналысқаны үшін іздестіріп жүрген ресейлік азамат 1981 жылғы Альмурзиев құрықталды. ҚР ҰҚК департаментімен бірлесіп оның қылмыстық ниетін анықтау шаралары жүргізілуде. Деректер бойынша Альмурзиев Қазақстанға Орынбор арқылы биылғы наурыз айында өткен. Қазіргі кезде оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар