Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы 20 қызметкерінің 18-і өз лауазымына лайық деп табылды - БҚО
Аталмыш басқарманың ұйымдастыру-кадр жұмысы бойынша аға прокуроры Аида Ниязованың айтуынша, қызметкерлер бірнеше тест және әңгімелесу сынды үш кезеңнен тұратын сынақтан өтті. Соның қорытындысына сәйкес өз лауазымына сәйкес келмеген екі жас қызметкер төмен қызметке ауыстырылды.
Аталмыш басқарма бастығының міндетін атқарушы Асқар Қапуловтың сөзіне қарағанда, биылғы жыл басынан бері құқық қорғау органдары өздеріне түскен барлық арыз-шағымды толық тіркеп, электронды жүйеге түсірді. Сондай-ақ органдардың қызметін қылмыстардың ашылу деңгейімен бағалаудан бас тартылды. Соның нәтижесінде бұрын тіркелмей, көлеңкеде қалып келген ұрлық-қарлық, бұзақылық қылмыстар санаққа ілікті.
Биылғы тоғыз айда облыста 7186 қылмыс тіркелген, бұл өткен жылғыдан 73,4 пайызға көп. Еліміз бойынша қылмыс саны 52,5 пайызға артты.