Құлсарыда тұратын әйел мейрамханада ыдыс-аяқтарды сындырып, полицейге қарсылық көрсеткен
Сотталушы Ж.Камалова 2015 жылдың тамыз айында Құлсары қаласындағы «Жібек Жолы» мейрамханасына көңіл көтеруге барып, сол жерде бір жігітпен сөзге келісе алмай, ашуға булыққан күйі мейрамхананың ыдыс-аяқтарын қиратқан. Мейрамхана әкімшісі полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болды.
Аудандық ішкі істер бөлімінің жедел кезекшісінің нұсқауы бойынша аталған мейрамханаға келген Жылыой аудандық ІІБ-нің ӘПБ-нің жол-патрульдік полиция ротасының полицейі А..Молдашевтің ІІБ-не баруы қажеттігі жөнінде қойған заңды талабына Ж.Камалова бағынбай, қарсылық білдіріп, полиция қызметкері А.Молдашевтың мойын тұстарын тырнап, билік өкілінің заңды талабына бағынбаған.
Сот отырысында жәбірленуші А.Молдашев орын алған қылмыстық теріс қылық бойынша сотталушы Ж.Камаловаға кешірім бермейтінін көрсетіп, тиісті жаза тағайындауды сұрады.
Сот сотталушы Ж.Камалованың өз кінәсін толықтай мойындап, асырауында жас баласын бар екендігін ескерді.
Жылыой аудандық сотының үкімімен Ж.Камалова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 379 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 60 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды.