17:19, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Құлжалықтармен қарым-қатынас орнатылатын болды - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылорда қаласының әкімі Мұрат Ергешбаев пен Құлжа қаласының мэрі Сэ Фу дин Имурмц аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын көздейтін ынтымақтастық меморандумына қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қала әкімі құлжалық мейманды аймақ өңірі тарихынан хабардар етіп, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Өз кезегінде сөз алған Сэ Фу дин Имурмц бүгінде Қазақстанның бірқатар аймақтарымен тығыз әріптестік қарым-қатынаста екендіктеріне тоқтала келіп, үстіміздегі жылғы қыркүйектің 4-і мен 7-сі аралығында өткізілетін "Синцзянь-Инин-2009" ортаазиялық сауда жәрмеңкесіне Қызылорда қаласының да қатыса алатындығын жеткізді.