Құм-қиыршық тастарын заңсыз өндіріп келген ЖШС директорына 10 млн. теңгеден астам айыппұл салынды

ОРАЛ. 22 сәуір. ҚазАқпарат - БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы рейдтік шаралар барысында құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірген «Фирма Интел Батыс» ЖШС директоры Д.Тюлькинді құрықтады.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, БҚО бойынша экология департаменті Д.Тюлькинді ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 122-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 50 АЕК (86550 теңге) көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ ЖШС басшысына қоршаған ортаға келтірілген 10 млн. теңгеден астам соманы өндіріп алу жөнінде талап қойылды.

Соңғы жаңалықтар