Күн тәртібінде - Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу мәселесі

ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов жұма күні бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралап,
None
None

бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу жағдайындағы олардың жұмыстарымен танысты.

Аймақ басшысы денсаулық сақтау жүйесін қайта құру кезіндегі мамандардың бейімделу жағдайымен, медициналық мекемелердің жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, әкім Солтүстік Қазақстан медициналық ақпараттық-талдау орталығына барды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ерік Байжүнісовтың айтуынша, бұл орталыққа облыстың барлық емханаларынан күн сайын мәліметтер келіп түседі, компьютер жетіспеушілігі проблемасы бар, сондықтан да орталық емханалармен әдістеме кабинеттері арқылы байланысады. Компьютерлік техника орталықтың жұмыс сапасын және жедел қызметін қамтамасыз ете алар еді, дейді ведомство басшысы.

Әкім, сондай-ақ қалалық №1 ауруханада және облыстық ауруханада болып, жұмыс барысымен танысты, медициналық қызметкерлерімен және науқастармен әңгімелесті. Әлеуметтік дәріханаларды аралады.

Соңғы жаңалықтар