Күн тәртібінде қылмыс пен адам саудасына қарсы күрестегі ТМД мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың салалық ынтымақтастық мәселелері қаралады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - «ТМД-ға мүше мемлекеттердің салалық ынтымақтастық органдарының ұйымдасқан қылмыс пен адам саудасына қарсы күресіндегі өзара іс-қимылын жетілдіру» тақырыбында өтетін семинарда ТМД-ға мүше мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қылмыс пен адам саудасындағы салалық ынтымақтастығына мүдделілік танытқан органдардың үйлестіру рөлін арттыру жолдары талқыға түстен болады.
None
None

ТМД Атқарушы комитеті мен Мәскеудегі Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым бюросы ұйымдастырып отырған семинар 2010 жылғы қыркүйектің 28-і мен 30-ы аралығында өтеді.

Семинар жұмысына Шекара жауынгерлері Қолбасшылар кеңесінің, Бас прокурорлар үйлестіру кеңесінің өкілдері, салықтық тергеу органдарының, қауіпсіздік, арнайы қызметтер, кедендік қызмет органдарының жетекшілері кеңесінің өкілдері, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттердің Лаңкестікке қарсы күрес орталығының өкілдері, Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілдері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым өкілдері, НАТО, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының, Еуропалық экономикалық бірлестігінің, ТМД Атқарушы комитеті мен көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері қатысады деп күтілуде.

Достастық елдерінің осы әлеуметтік мәселеге қарсы күресіндегі ынтымақтастығы лаңкестікке қарсы күрес, есірткі заттарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының, қару-жарақтың, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес, заңсыз көші-қон, адам саудасы мен басқа да қылмыс түрлеріне қарсы күрес сияқты басым бағыттарды жүзеге асыру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар