Күн тәртібінде ? «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің шешімдерін жүзеге асыру мәселелері ? Солтүстік Қазақстан облысы

ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Жақында Петропавлда «Нұр Отан» ХДП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда осы жылғы мамырдың 15-інде Астанада өткен партияның кезектен тыс ХІІ съезінің шешімдерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәжілісте баяндама жасаған «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Серік Біләлов партия көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Назарбаев жүктеген тапсырмалардың маңызын атап көрсете отырып, былай деді: «Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі дамуының базалық жоспарын партия қарауына ұсынды, сонымен қатар ол нұротандықтарға 2020 жылға дейінгі партияның жаңа бағдарламасын жасауды тапсырды, «Нұр Отан» ХДП төрағасы тұрақтылықты қамтамасыз ету, дағдарысқа қарсы қабылданған шараларды түсіндіру және еліміздің аймақтарына бөлінген қаржының шығынын бақылауды қамтамасыз етуде партия рөлінің ерекше екендігін атап өтті ...» Серік Біләловтің атап өткеніндей, партияның сайлауалды тұғырнамасы бағдарламасының 80 пайызы 2009-2011 жылы жүзеге асырылады. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтқан ол, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мал шаруашылығы, құрылыс салалары серпінді дамып келеді. Елімізде және аймақтардағы шешілуі тиіс негізгі міндет, ол ? индустиялық-инновациялық даму, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау. Сонымен қатар, автомобиль жолдары торабын дамыту, білім және денсаулық сақтау салаларын, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, халықты еңбекпен қамту және т.б.«ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру ауқымында аймақта және облыс аудандарында Жол картасы жасалды, онда әлемдік дағдарыстың салдарын еңсерудің, еңбекке орналастырудың және жаңа жұмыс орындарын ашудың нақты бағдарлары белгіленген. Республика бюджеті мен жергілікті бюджет қаржысының мақсатты трансфертін есептегенде жұмысқа тарту және мамандар дайындаудың облыстық стратегиясының жалпы қаржы көлемі бүгінгі күні 4,5 млрд. теңге құрап отыр. Осылайша, еңбекке тартуды жүзеге асыру нәтижесінде облыста 6677 жаңа жұмыс орындары ашылады», - деді партияның облыстық филиалының төрағасы.Саяси кеңес мәжілісінде партияның кезектен тыс ХІІ съезіне Солтүстік Қазақстан облыстық филиалынан барған бірнеше делегат Президенттің баяндамасы мен съезд жұмысынан алған әсерлерімен бөлісті. Отырыс соңында Серік Біләлов «Нұр Отан» ХДП 10 жылдығына байланысты облыстық филиалдың ардагерлері мен оның белсенділеріне қоғамдық-саяси жұмыстағы белсенділігі үшін Құрмет грамоталарын, ал аймақтағы дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін спорт ардагерлеріне алғысхаттар тапсырды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум