11:26, 25 Қазан 2012 | GMT +5
Құрбан айт - бұл бейбітшілік пен келісім мерекесі - ҚХА мүшесі В. Молотов-Лучанский
ҚАРАҒАНДЫ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Құрбан айт бейбітшілік пен келісімді бір арнаға үйлестіретін мерекелердің бірі, дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптама тобының басшысы Вилен Молотов-Лучанский.
Қазақстан әлемге бейбітшілік пен келісім сияқты басты қағидалар тұтасқан қоғамның бірегей моделін ұсына алады, деп атап өтті ол.
«Заманауи Қазақстанда ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің болуы үшін ауқымды шаралар, игі істер жасалуда», - деді ҚХА мүшесі.
Біздің елімізде түрлі дін және ұлт өкілдері тұрады, соған қарамастан олар бұл атаулы мерекені бірлесе тойлайды, деп атап өтті ол. «Біздің әрқайсысымыздың Құрбан айт, Рождество немесе Йом Кипур сияқты басты мерекелеріміз бар. Біз бір-бірімізді құттықтап, қуанып жатамыз. Қазақстанда Құрбан айт пен Рождество мерекелері демалыс күндері болып саналады. Мен екі конфессияның мерекелері ресми түрде демалыс күндері болып саналатын басқа мемлекеттерді білмеймін», - деді В. Молотов-Лучанский.