Курчатов қаласында бірінші вице-премьер ҚР ҰЯО Ядролық технологиялар паркінің жобаларымен танысты

Бұдан бұрын хабарланғандай, Курчатов қаласында «Моноқалалар - даму жолдары» атты халықаралық форумның ашылуы алдында Б.Сағынтаев оған қатысушылармен бірге «Моноқалалардың жетістіктері» көрмесімен танысты. Оған моноқалаларды дамытудың инновациялық жобалары, соның ішінде Индустрияландыру картасы ауқымындағы Курчатов қаласының жобалары қойылған.
Форумнан кейін бірінші вице-премьер Ядролық технологиялар паркінде радиациялық технологиялар және радиациялық зарарсыздандыру кешендерін көрді, Токамак термоядролық материалтану реакторының жұмысымен танысты, ол кешенді жүйелі зерттеулер жүргізу үшін бірегей стенділік база орталығы ретінде қызмет етеді. Алынған нәтижелер атом энергетикасында бейбіт атом қондырғылары өндірісінде және басқа да ғылымды қажетсінетін өндірістерде пайдаланылады. Осы бағыт бойынша қазақстандық мамандар Ресеймен, Италиямен және Жапониямен ынтымақтасуда.
«Үлбі-Фтор-Кешен» байыту фабрикасында Б.Сағынтаев минералдық флюорит шикізатын өңдеу үдерісімен танысты.
Еске сала кетейік, бүгін Курчатов қаласында ҚР-ның барлық моноқалаларының әкімдері, сондай-ақ шетелдік қонақтар, соның ішінде немістің Ляйнефельде қаласының мэрі және ресейлік Бийск, Дубна және ҚХР-дың ШҰАӨ Тарбағатай округі моноқалалары әкімшіліктерінің өкілдері жиналды.