Курчатовта американдық-қазақстандық-ресейлік «ДЕГЕЛЕҢ» жобасының ресми жабылу рәсімі өтеді

АСТАНА. 15  қазан. ҚазАқпарат -  Курчатовта американдық-қазақстандық-ресейлік «ДЕГЕЛЕҢ» жобасының ресми жабылу рәсімі  өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

«17-18 қазан аралығында Курчатовта американдық-қазақстандық-ресейлік «ДЕГЕЛЕҢ» жобасының ресми жабылу рәсімі болып өтетінін хабарлаймыз. Жалпы, біз үшжақты «Дегелең» жобасының табысты аяқталуын ортақ ынтымақтастықтың жемісі деп танимыз», деді ресми өкіл.

Естеріңізге сала кетейік, 1995 жылдан 2000 жылға дейін Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтарды жүргізу инфрақұрылымын жою жұмыстары екіжақты негізде (ҚР-АҚШ) атқарылып келді. Ал 2000 жылдан бастап жұмыстар үшжақты негізді жүргізілуде (Қазақстан-Ресей-АҚШ).

Соңғы жаңалықтар