18:09, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
«Құрманжан датқа» фильмінің таныстырылымы болды
БАКУ. ҚазАқпарат - Қырғызстан кинематографистері одағының төрағасы, Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің депутаты, ТүркПА Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының төрағасы Садық Шер-Нияздың «Құрманжан датқа» атты фильмінің таныстырылымы 2016 жылдың 24 мамырында Қазақстан Парламенті Мәжілісінде өтті.

Аталған туынды ХІХ ғасырда өмір сүрген қырғыздың әйелден шыққан әйгілі мемлекеттік қайраткері, әскери қолбасшысы Құрманжан датқаның қиындыққа толы өмірі жайлы сыр шертеді.
ТүркПА депутаттары Садық Шер-Нияз мырзаны осындай тарихи әрі тағылымды туындыны тамаша жасағаны үшін құттықтап, осы фильмді басқа ТүркПА-ға мүше-елдерінде кеңінен көрсету қажет деген пікір айтты.