Құрылыс индустриясын дамыту бағдарламасы техникалық реттеу жүйесін реформалауды қарастырады
Бұл туралы елордада аталған бағдарламаға орай өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Жандос Әкімжанов айтты.
Оның атап өтуінше, құрылыс индустриясын реформалаудағы екінші міндет өңірлерді аумақтық жоспарлауды дамыту және елді мекендерді қала үлгісінде салуды дамыту болып отыр. «Үшінші міндет - бұл құрылыстағы сметалық баға құраушы жүйені жетілдіру. Ал соңғысы тұрғын үй құрылысын және құрылыс материалдарын өндіруді дамыту», деді Ж.Әкімжанов.
Айта кетейік, бағдарламаны жүзеге асырудың жолдары мен тетіктері ретінде істеп тұрған кәсіпорындарды жаңарту, құрылыс индустриясының жаңа кәсіпорындарын салу, құрылыс материалдарын сатып алу бойынша ұзақ мерзімді келісім шарттарға отыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында қазақстандық қамту үлесін арттыру, инновациялық гранттар бөлу және кадрларды даярлау қарастырылып отыр.