Кусс Квартет пен Миша Майский ЭКСПО кезінде концерт қояды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Экспо-2017 көрмесіне келген қонақтар немістің белгілі музыкалық квартеті мен виолончельде ойнайтын танымал музыкант Миша Майскийдің концертін тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ұжым мен жеке орындаушының концерті 25 маусымға жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Берлинде негізі қаланған «Кусс Квартет» классикалық туындыларды әдемі, заманауи жолмен өңдеп, жалықтырмайтын музыкалық бағдарлама әзірлейді. Қазір әлемдегі үлкен шаралардың көбінде «Кусс Квартет» ұжымы өнер көрсетіп жүр.

Ал, Миша Майский әлемде классикалық музыканы жан-тәнімен орындайтын музыканттардың бірі ретінде танылған. Ол - жиырмасыншы ғасырдағы бір емес екі мэтр - Мстислав Ростропович пен Григорий Пятигорскийден білім алып үлгерген әлемдегі жалғыз адам. 

Соңғы жаңалықтар