Құтқарушылар 29 адамды және 10 автомашинаны қар құрсауынан алып шықты - Алматы облысы
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Наурыздың 3-і күн сағат 22.50-де Алакөл ауданындағы «Үшарал-Қасымқала» тас жолының 40-шы шақырымында жолда машиналар қалып қойғаны туралы хабар жетті. Келіп түскен дерек бойынша 4 автокөлік және 18 адам қар құрсауында қалып қойған. Құтқару жұмыстарының барысында барлық көліктер жолдың қардан тазартылған бөлігіне сүйреп шығарылды, одан кейін көліктер Үшаралға өздері жүріп кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар ведомствосынан. Құтқарылғандардың ішінде үсік шалғандар немесе зардап шеккендер жоқ.
Сол күні сағат 21.15-те Райымбек ауданында «Кеген-Бөлексаз» тас жолының 10-шы шақырымында 4 жеңіл және 2 жүк көлігі мен 11 адамдың жолда қалып қойғаны туралы дабыл түсті. Қардан сүйреп шығарылған машиналар Кеген бағытына жол тартты. Зардап шеккендер жоқ.