16:42, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
Құтқарушылар Алматы мен ШҚО-да қар көшкіні болуы мүмкін екенін ескертуде
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 30-31 наурыз аралығында Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қар көшкіні болуы ықтимал, деп хабарлады бүгін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарын қала маңындағы тау бөктерлеріне барудан бас тарта тұруға шақыруда.
«Қар көшкіні болу ықтималдығына байланысты қар басқан тау баурайларына барудан бас тарта тұрған абзал. Өйткені, жауан-шашынның көп болуына байланысты қар жамылғысы өте тұрақсыз. Сондықтан тауда сақ болыңыздар!» - делінген хабарламада.