Құтқарушылар Астананың дабыл жүйесін тексеріп көрмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 сәуірі күні 09 сағат 00 минутта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 2 минут бойы Астана қаласының дабыл жүйелеріне тексеру жүргізеді. Аталмыш тексеру жоспарлы болып табылады, деп хабарлады Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
None
None

«Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (Хабар, Қазақстан, Еуразия бірінші арнасы, Астана, КТК, НТК телеарналарынан, Астана FM, Шалқар, Ретро FM, Авторадио, Қазақ радиоларын) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек»,-делінген

Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар