Құтқарушылар Бұқтарма су қоймасына батып кеткен үшінші адамның денесін тапты

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Бұқтарма су қоймасына батып кеткен үшінші адамның денесі табылды.
None
None

Өткен сәуір айының 26-сы күні Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы, Васильев өткелінің маңынан ағып өтетін Бұқтарма су қоймасына «УАЗ» автокөлі құлап кетіп, көлікке мінген үш азамат суға кеткені бұған дейін хабарланған болатын.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары бес күн өткеннен кейін 65 және 43 жастағы екі азаматтың мәйіттерін тапты.

Бүгін алынған ақпарат бойынша, 23 жастағы жас жігіттің денесі 2 мамыр күні таңертеңгі сағат сегіз жарымда табылды.

Соңғы жаңалықтар