Құтқарушылар қар құрсауынан екі автобусты шығарды - ШҚО

СЕМЕЙ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Қатты боран мен жолдың нашар көрінуі Шығыс Қазақстанда тағы да көлік қозғалысының шектелуіне себеп болып отыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің деректері бойынша, наурыздың 2-сі күні сағат 17.00-ден бастап өңірде барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды.
None
None

Құтқарушылар бүгін түнде сағат 22.30-да және 22.58-де жолда қалып қойған адамдарға көмек көрсетті.

Атап айтқанда, Тарбағатай ауданында құтқарушылар қар құрсауынан екі «SETRA» жолаушылар автобусын және бір КамАЗ көлігін алып шықты, құтқарылған 29 адам жақын маңдағы Ақмектеп ауылына жеткізілді. Ал Өскемен-Семей тас жолында, Семейден 50 шақырымдай жерде 17 бала мен олардың жаттықтырушылары мінген автобус сынып қалады. Көмекке барған Семей Ішкі істер басқармасының 7-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оларды қалаға жеткізді.

Соңғы жаңалықтар