«Күз 2009 Ұлттық бизнес форумына» қатысушылар Жәнібек хан мен Керей сұлтанның ескерткішіне арашашы болмақ

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Пікірсайыс кезінде «Taizhan Terminal» ЖШС-нің президенті Мұхтар Болатханұлы қазақ қоғамында қызу талқыға түсіп жатқан Жәнібек хан мен Керей сұлтанның ескерткішіне қатысты мәселеге форумға қатысушылар өз үнін қосса деп тілек білдірді.
«Ұсынысқа ең бірінші боп халықаралық компаниялардың өкілдері үн қосып, ол өзге бизнес құрылымдары тарапынан да қолдау тауып жатыр. Олар арнайы қор құрылатын болса ескерткішті саябаққа емес елорданың көрнекті жерлерінің біріне қоюға қаржылай демеушілік жасауға әзір екендіктерін білдіруде. Бұл енді форум қортындысы бойынша үкіметке ұсынылатын ұйғарымға да енуі мүмкін. Менің ойымша, осы шара бизнестегі ұлттық рухты өркендетуге өз ықпалын тигізері күмәнсіз», дейді экономика ғылымының кандидаты Мұқтар Тайжан.