Күзге қарай Астанада түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммиті өтеді

АНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың қазанында Астанада түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммитін өткізу жоспарланған.
None
None

Бұл туралы бүгін Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің төрағасы Оқтай Асадов бастаған делегациямен кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлім етті.

«Біз Қазақстан елордасының 2012 жылы түркі әлемінің астанасы болып жарияланғанына зор қуаныштамыз. Былтырғы жылдың желтоқсанында түркі тілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесінің бірінші отырысы да Астанада болып өтті. Ал ағымдағы жылдың қазанында Түркі тілдес мемлекеттердің саммитін Астанада өткізу жоспарланып отыр. Бұндай және осыған ұқсас фактілердің барлығы Қазақстанның халықаралық саяси аренадағы маңызды мемлекет болып отырғанын аңғартады», - деді О. Мұхамеджанов.

Соңғы жаңалықтар