Квазимемлекеттік компаниялардың депозитке салып тапқан табысын бюджетке қайтару керек - Сенат вице-спикері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Квазимемлекеттік компаниялардың қаражатты депозитке салып тапқан табысын бюджетке қайтару керек, Бүгін Парламент Сенатында 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебін талқыла барысында Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Бисенбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Республикалық бюджеттің қаражаттарын ысырапсыз және тиімді пайдалану - мемлекеттің басты міндеті. Бүгінгі күнгі бюджеттің орындалуы бұрынғы жыл сайын қайталанатын кемшіліктердің барлығы түгелдей жойылды деп айтуға ертерек екенін көрсетіп отыр. Жылда қайталанатын жүйелі кемшіліктердің орын алуына бәріміз куә болып отырмыз. Мәселен, квазимемлекеттік компаниялардың екінші деңгейлі банктер депозитіне орналастырып, содан пайыздық табыс алуы әлі жалғасып келеді. Ендеше, осындай жолмен тапқан қаражатты бюджетке қайтаратын уақыт келген секілді. Керек боса бұны заңмен қайтаруды қолға алуға тиіспіз», деді А. Бисенбаев.

Оның айтуынша, нысаналы трансферттің пайдалану тиімділігі арттыру да маңызды болып отыр.

«Өңірлердегі аяқталуы тиіс 576 бюджеттік-инвестициялық жобалардың іс жүзінде 527-і ғана орындалуы талдауды және орындаушылардың жауапкершілігін қарауды қажет етеді. Бюджет тапшылығы кезінде біз үшін әрбір тиынның тиімділігін көтеру өзекті. Кемшіліктерді анықтап, тіркеп қоймай, оның алдын алу мен жою жолдарын қарастыру да маңызды мәселеге айналды», - деді А. Бисенбаев.

Соңғы жаңалықтар